26 Тамыз, 2015

Үлкен ел – үлкен  отбасы

514 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Astana toi 47 * Назар аударыңыз: конкурс!

«Егемен Қазақстан» газеті еліміздің тәуелсіздік күніне арналған «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотоконкурсын жариялайды

  1. Жалпы ережелер
  2. 1. Республикалық фотоконкурс Қазақстан халқы Ассамблеясының «ҮЛКЕН ЕЛ – ҮЛКЕН ОТБАСЫ» кең ауқымды жобасы шеңберінде өткізіледі.
1.2. Конкурсты ұйымдастырушы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ (одан әрі – Ұйымдастырушы). Мекен-жайы: 010008, Астана қ., Егемен Қазақстан газеті к., 5/13. 1.3. Фотоконкурсқа кәсіпқой фотографтар, әуесқой фотографтар, сондай-ақ, жасына, айналысатын ісіне және қызығушылығына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алады. 1.4. Әр қатысушы бес фотосуреттен артық ұсына алмайды. Фотосуреттер қазақстандық патриотизм, Қазақ­стан халқының мәдени көптүрлілігі, қоғамдық келі­сім мен ұлттық бірлікті нығайту, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы тақырыбын бейнелеуі тиіс. 1.5. Фотоконкурсты өткізу мерзімі: 2015 жылдың 25 тамызынан 10 желтоқсанына дейін. 1.6. Қорытындысын шығару – 2015 жылдың 15 желтоқсаны. 1.7. Конкурсқа қатысу үшін көлемі ұзын жағы­нан 3 000 пиксельден кем емес фотосуреттер қабылданады. – әр фотосуреттің ең үлкен көлемі 5 Mb-дан астам; – фотосурет форматы қатаң JPG. 1.8. Фотосуреттерді «Фотоконкурс» тақыры­бын, теле хатқа атын, әкесінің атын, тегін, туған жылын, фотоның атын, түсірілген күні мен орнын көрсете отырып, egemenkz@mail.online.kz, egemenkz@mail.ru электронды мекен-жайға жіберу қажет.
  1. Қатысушының құқықтары мен жауапкершілігі
2.1. Фотосуретті фотоконкурсқа ұсына отырып, қатысушы ол фотосуреттердің авторы екендігіне және әлдекімдердің авторлық құқын бұрмаламағанына кепілдік береді, сондай-ақ, фотосуреттердің бұрын фотоконкурстарға қатыспағанына да кепілдік береді. 2.2. Фотоконкурсқа қатысушылар өздеріне авторлық және аралас құқықтарды сақтау жауапкершілігін алады. Фотосуреттерге қатысты үшінші жақтың қандай да бір талаптары туындай қалған жағдайда соңғы дауды өз күшімен және өз есебінен реттеуге міндеттеме алады. 2.3. Фотосуреттерді ұсына отырып, қатысушы фотоконкурсқа қатысуға өзінің келісімін білдіреді және осы Ережеде көрсетілген фотоконкурсты өткізу шарттарымен келіседі. 2.4. Фотосуреттерді ұсына отырып, қатысушы (автор) оның жұмыстарын Ұйымдастырушының «Егемен Қазақстан» газетінде, сондай-ақ, ұйымдастырушының www.egemen.kz сайтында шексіз көлемде және өз қалауы бойынша, коммерциялық емес негізде, авторлық сыйақы төлеместен пайдалануға өз келісімін береді. Бұл ретте Ұйымдастырушы кез келген көпшілік негізде пайдалануда оның фотосуреттерінің даналарында тиесілі түрде қатысушының (автордың) атын көрсетеді. 2.5. Фотоконкурсқа жіберілген фотосуреттердің мына­дай жағдайларда фотоконкурсқа қатыс­тырылмауы мүмкін: – конкурс тақырыбына сәйкес келмейтін фотосуреттер; – фотосуреттердің төмен көркемдігі немесе техникалық сапасы; – зорлық-зомбылық, нәсілдік, этностық және діни төзбестік элементтері бар фотосуреттер; – анонимді фотосуреттер. 2.6. Фотоконкурсты ұйымдастырушы себебін түсіндірместен-ақ, белгіленген сапаға және техникалық деңгейге сәйкеспейтін жұмыстарды қатысуға жібермеу құқын өзінде қалдырады. 2.7. Ұйымдастырушы фотоконкурс жеңім­паздарының фотосуреттерін «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде және Ұйымдас­тырушының сайтында жариялауға құқылы.
  1. Фотоконкурс қорытындыларын шығару
3.1. Фотоконкурс жеңімпаздарын «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ мүшелерінен тұратын қазылар алқасы анықтайды. Конкурс жүлделері: 1-ші орын – ноутбук 2-ші орын – теледидар 3-ші орын – фотоаппарат 3.2. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін Ұйымдастырушы электронды пошта арқылы конкурс жеңімпаздарын құлақтандырады. 3.3. Фотоконкурс жеңімпаздары конкурста жеңгені туралы құлақтандыру алған сәттен бастап, 30 күнтізбелік күн ішінде тікелей өзі жеке басын куәландыратын құжатын көрсете отырып немесе сенімхат негізінде өз өкілі арқылы жүлдені ала алады, болмаса Ұйымдастырушының электронды мекен-жайына жүлдені аудару, жіберу үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, банктік төлем кәртішкесінің кәртішкелік шот нөмірін және нақты пошта мекен-жайын жібере алады. 3.4. Фотоконкурс жеңімпаздары осы Ереженің 3.3 тармағын орындамаған жағдайда жеңімпаздар жүлделерді алу құқын жоғалтады. 3.5. Егер жеңімпаз Ұйымдастырушыға банктік төлем кәртішкесінің кәртішкелік шотының дұрыс емес мәліметтерін, қате пошта мекен-жайын жіберіп, соның салдарынан жүлдені аудару, жіберу мүмкін болмаса, Ұйымдастырушының жеңімпазға жүлдені беру жөніндегі өз міндеттемелері орындалған болып саналады